Сұлтан 10 км қашықтықты бір сағатта жүгіріп өтті🏃♂️.
Ахмет 10 км қашықтықты бір жарым сағатта жүгіріп өтті 🏃🏾♂️. Кім мықты? 🤷🏻♂️ Әлбетте, Сұлтан мықты.
Егер Ахметтің құмды жерде, ал Сұлтан тегіс, арнайы жүгіретін жолақта жүгіргенін білсек, онда Ахмет мықты дейміз.
Сұлтанның жасы 45 те, ал Ахметтің 25 те екенін білсек ше? Онда біздің Сұлтанға берген бағамыз біршама өзгереді. Өйткені оның жасы едәуір үлкен болып тұр.
Ал, Ахметтің салмағы 150 кг, Сұлтанның салмағы 70 кг екенін білсек, онда Ахмет мықтырақ болады.
Қандайда бір затты салыстырған кезде, тереңіне үңіле берген сайын біздің оған берген бағамыз соғұрлым нақтырақ болады.
Егер біз Сұлтан мен Ахметті әуелгі естігеніміз бойынша салыстырсақ, онда біз қателесер едік.
Сондықтан айналаңа қарап, біреумен өзіңді салыстырмас бұрын байыбына барған дұрыс.
Әркімнің ортасы, шыққан жері, мүмкіндіктері бірдей емес. Оның өміріміен сенің өмірің, отбасың, жағдайың да әртүрлі.
Өзіңмен қатар біреу сенен озып бара жатса, ол сенің әлсіздігіңді білдірмейді. Екеуіңе берілген мүмкіндіктерге қарасаң, бәлкім сіз оған қарағанда мықтысыз.
Сондықтан өзіңді төмен санап, түк шықпайтын адаммын деп есептеме. Мүмкін оның бірнеше дипломы бар шығар, сенен ерте үйленген шығар. Мансабы сенен жоғары шығар. Ал екі тараптың мүмкіндіктерін сараптап келгенде, сен одан әлдеқайда мықты шығарсың. Олай болса, өзіңді басқамен салыстырудың ең әділ жолы, өзіңнің кешегіңмен бүгініңді салыстыру. Кеше қандай едің бүгін қандайсың? 🤔
#шабыт